• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:54:22
Алматы
+12°

Орынбор облысының Ириклинск су қоймасынан Жайыққа жіберіліп жатқан су ағыны секундына 1600 текше метрге өсті. Бұл туралы  "Казгидромет" хабарлады. 

Су көлемінің арту деңгейі: 

31 наурыз – секундына 90 текше метр;

1 сәуір – 390 текше метр сек;

2 сәуір – 390 текше метр сек;

3 сәуір 00:00 – 620 текше метр сек;

3 сәуір 14:00 – 790 текше метр сек;

3 сәуір 18:00 – 870 текше метр секундта;

3 сәуір 19:30 – 1050 текше метр;

4 сәуір – 1314 текше метр;

4 сәуір – 09:00 – 1672 текше метр; 

Жоғарғы Орал су қоймасында су көлемі 0.36-дан 0.46 текше километрге дейін көтеріледі деп күтіліп жатыр.  Бұл өткен жылдан 9 есе көп. "Қазгидромет" Ресейден келе жатқан үлкен су көлемінен Атырау облысында 1993-94 жылдардағы су тасқыны қайталанады деп болжап отыр.

"Жоғарыдан келе жатқан су ағыны Батыс Қазақстан облысына бүгін-ертең жетуі мүмкін. Орал қаласына жеткен күннен бастап 4-5 күнде Индер ауданы аумағына кіре бастайды"- деді «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының жетекші инженер-гидрологы Ақмарал Мизамғалиева. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: су тасқыны атырау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір