• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 04:47:20
Алматы
+12°

12 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтарады

Тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал еткен.

фото: ашық дереккөзден

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтару жоспарланып отыр, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"11 сәуірде Қ.Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал еткен.
 
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушының және онымен байланысты тұлғалардың жалпы сомасы 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекет пайдасына (әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автокөліктер, компаниялардағы акциялар мен қатысу үлестері, теміржол жолдар мен ақшалай қаражат, шетелдік мүліктерімен қоса) қайтарды.
 
Айта кетері, аталған тұлғаға қатысты салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір