22 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.
Көрнекі сурет
"2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңге болды, оның ішінде с – 89 901 теңге, базалық зейнетақы – 42 694 теңге", - делінген хабарламада.
Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 291,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 635,1 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды.
2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 364 мың адам.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір