• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:13:24
Алматы
+12°

24 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Бишімбаев - құбыжық! - Болат Әбілов

Белгілі кәсіпкер, саясаткер Болат Әбілов «Гиперборей» YouTube-арнасына берген сұхбатында Бишімбаевтың оқиғасына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы dalanews жазады.

Фото: ашық дереккөзден

Ол Бишімбаевты алғаш кездестіргенде, оның интеллегентті азамат болып көрінгенін айтады.

– Қуандық басында өте тәрбиелі адам болып көрінді.  «Бәйтеректе» (холдинг) болған, сол кезде «БРК» банкке кредит алуды жоспарлап жүргенбіз. Кейінірек ол басқалармен қалай сөйлесетінін естідік: мәдениетсіз, дөрекі екен. «Пацан» бола тұра, мемлекеттік қызметте жоғары дәрежеге жеткен адам. Бірақ бұл да әділетсіз, орынсыз болған нәрсе. Ескі Қазақстанның өзі «ескілер» және «Болашақтың элиталары» деп бөлініп жүргенде, олар (Болашақ түлектері) билікке таласып, өзін премьер-министр ретінде көре бастағанда, ескі элита Байбекке де, Бишімбаевқа да қылмыстық істі артып қоймақ болған, – дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ ол Бишімбаев пен әкесін ескі Қазақстанның адамдары санайды. 

"Қуандықтың әкесі Уәлихан Бишімбаев - ескі Қазақстанның жарқын көрінісі. Назарбаевтың тұсындағы ескі Қазақстаннан осы Қуандық сияқты монстрлар шықты. Бала әкесінен көргенін істейді. Әкесі қандай болса, баласы да сондай. Қуандық мен үшін кәдімгі монстр! 

Әйелін аяусыз соққыға жыққан Қуандық Бишімбаев бұл тәрбиені ата-анасынан алған. Оның орнында басқа біреу болса, өкініп кешірім сұрап, атылып өлер еді. Ал бұларда ешқандай ұят жоқ. Қатты айтсам, кешірім сұраймын. Керісінше, түрлі өтірікті ойдан құрастырып, өздерін қорғап жанталасуда! Кімсіңдер, сендер?" дейді Болат Әбілов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір