10 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Астана полициясы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің көмекшісі Сәкен Мамашқа қылмыстық іс қозғады. Бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуінен зорлық-зомбылық көретінін айтып шағымданған.
"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды", — деп жазылған полиция хабарламасында.
Айта кетейік, 9 мамырда Карина Мамаш Астанаға келіп, балаларымен бірге дағдарыс орталығын паналап отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір