Коллаж: obk.kz
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Судья Айжан Құлбаева сотқа қатысушылардың алқа билерге қойған сұрақтарын оқыды. Қазір алқа билер шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.
Сот кулуарында марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі Амангелді Нүкенов Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікір білдірді.
"Күнде өліп, күнде тіріліп жатырмыз. Бүкіл әлем өмір бақи түрмеге қамау керек деп жатыр. Мен бұл айуан өмір бақиға сотталады деп үміттенем. Сот дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын. Сондықтан біз де сіздер сияқты сотымыздың, мемлекетіміздің әділдігіне үміт артамыз", – деді Амангелді Нүкенов.
Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова экс-министрге 20-25 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін деп отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір