• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:13:52
Алматы
+12°

14 Мамыр, 2024 NEWS

Үкімет басшысы әкімдерге ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қауіпсіздігіне аса мән беру керегін айтты,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz

- Жыл сайын елімізде мыңға жуық табиғи өрт орын алады. Тілсіз жау адам өміріне, мүлкіне, сол сияқты қоршаған ортаға да орасан қауіп төндіреді. Өткен жылы 116 мың гектардан астам орман қоры өртеніп кетті. Еліміздегі орман алқаптары онсыз да өте аз, олардың аумағы өрт салдарынан жыл сайын сиреп барады. Экологияға келтірілген зиянды есептемегенде, материалдық шығын 160 млрд теңгеден асып түсті. Қазгидрометтің болжамына сәйкес, биыл жаз айлары ыстық әрі құрғақшылық болады деп күтілуде, - деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ ол еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде аптап ыстық ұзақ сақталуы мүмкін екенін айтады.

Демек, өрт қаупі күшейе түседі. Бұған дайын болуымыз керек. Биылдың өзінде 30-ға жуық орман өрті тіркелді. Мәселен, өткен жылы өрттен қатты зардап шеккен "Семей орманы" аумағы биыл тағы да отқа оранды. Абай облысының әкімдігі бақылауды күшейтуі керек. Алматы облысында Іле-Балқаш табиғи резерватының аумағында да қамыс өртеніп, үлкен аумаққа жайылып кетті. Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қамыс пен қураған шөп жанып, өртке ұласты, - дейді үкімет басшысы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір