• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:35:13
Алматы
+12°

14 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар

Алматы облысындағы колония басшысы қамауға алынды

Прокуратура Алматы облысының түзеу мекемесіндегі өрескел заң бұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: bryansk.news

Қадағалау органының хабарлауынша, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн-сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған, олардың жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асты.

"№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты Алматы облысының прокуратурасы 361-баптың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қылмыстық кодекстің 1-бабы (қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану) бойынша Іле аудандық соты аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті", - деп хабарлады прокуратура.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасы №12  және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты қылмыстық кодекстің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, №57 мекеме басшысы қамауға алынды.

"Анықталған фактілер қылмыстық-атқару жүйесінде, оның ішінде мекеме қызметкерлерінің өздерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан заң бұзушылықтарды көрсетеді", - деп толықтырды ведомство.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір