• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:16:59
+12°

15 Мамыр, 2024 NEWS

Қызын аштан өлтірген қазақстандық әйел сотталды

Екібастұзда баласын аштан өлтірген тұрғын сотталды, - .деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Massaget-ке сілтеме жасап.  

Көрнекі сурет

Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 10-17 қарашасы аралығында Шідерті ауылында тұрып, өзінің сегіз айлық баласына қылмыстық немқұрайлылық танытып, оны жеткілікті тамақпен қамтамасыз етпеген. Бұл немқұрайлық баланың өліміне әкеп соқты.

"Айыпталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Сондай-ақ, жауап берушінің кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, сарапшының айғақтарымен және сотта зерттелген басқа да құжаттамалық және заттай дәлелдемелер дәлелденді", деп хабарлады баспасөз орталығы.

Прокурор оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі мемлекеттік айыптаушының ұстанымын қолдады. 

Бұл қылмыс онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады және оны жасағаны үшін заңда 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлардың болмауына және жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты жазаның мөлшері көрсетілген мерзімнің жартысынан, яғни 1 жыл 6 айдан аспауы керек. 

Сот сотталушының жеке басын және отбасылық жағдайын ескере отырып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қалған екі жас балаға қатысты айыпталушының ата-ана құқықтары шектелген, олар Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қамқорлығына берілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір