• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:21:08
Алматы
+12°

16 Мамыр, 2024 NEWS

Қазақстанда күнкөріс деңгейін 115 мың теңгеге көтеру ұсынылды

Депутаттар келтірген деректерге сүйенсек, елдегі  өмір сүру минимумының қазіргі деңгейі азық-түлік бағасына сәйкес келмейді,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет

Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының мәжілістегі бір топ өкілі вице-премьер Тамара Дүйсеноваға елдегі күнкөріс деңгейін 115 мың теңгеге дейін көтеруді сұрап, депутаттық сауал жолдады.

Республика бойынша бағаға мониторинг жүргізген партия өкілдері статистика органдарының дұрыс мәлімет бермей отырғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, азық-түлік өнімдерінің ең аз жиынтығының 2175 ккал тәуліктік энергетикалық құндылығын қамтамасыз ететін 43 түрлі азық-түлік өнімдерінің себеті нормаға сай келмейді.

"Азық-түлік қоржынына 2175 ккал тәуліктік қуат беретін азық-түлік өнімдерінің 43 түрі енгізілген. Біз бұл санды сапасы жағынан өте аз, халықаралық стандарттарға, сондай-ақ қазақстандықтардың мәдени және дәстүрлі тамақтануына сәйкес келмейді, олардың денсаулығына қауіп төндіреді деп санаймыз”, – делінген депутаттық сауалда. 

Депутаттар елдегі күнкөріс минимумын 115 710 теңгеге дейін көтеруді сұрады. Себебі биыл мамыр айының басында республика бойынша азық-түліктің орташа мөлшері олардың есептеуі бойынша 63 641 теңге болған.

Сонымен қатар депутаттар осы мәселені егжей-тегжейлі саралайтын арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды.

"Жоғарыда айтқанымыздай, мемлекетті әлеуметтік қорғауға жаңа көзқарас қажет. Сондықтан біз партия мамандарының қатысуымен халықаралық стандарттар мен ұлттық мәдени қажеттіліктерге жауап бере алатын азық-түлік қоржынын әзірлеуге арнайы жұмыс тобын құруды ұсынамыз", – делінген Асхат Рахымжанов, Нұрлан Әуесбаев, Ажар Сағындықова, Наурыз Сайлаубай жолдаған депутаттық сауалда.

Айта кетсек, Қазақстанда осы жылдың сәуір айында ең төменгі күнкөріс деңгейі айына 48 897 теңгені құраған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір