• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 21:26:52
Алматы
+12°

Тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін 13 мыңға жуық адам жауапқа тартылды. Бұл туралы ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтты. 

Мұндай фактілердің ең көбі Алматы, Қарағанды облыстары мен Астана қаласында тіркелген. Қазақстанның 1267 азаматы өздерінде шетелдіктердің тұрақтағаны туралы құзырлы органдарға уақытында хабар бермеген. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, шетелдік жұмыс күшін тиісті құжаттарсыз пайдаланған 289 қазақстандық жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктер тарапынан 3126 көші-қон заңнамасын бұзу, оның ішінде 1655 елде болу мерзімін бұзу және 832 еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісі анықталды.

Сот шешімімен елден 284 адам шығарылды. Олар енді 5 жыл Қазақстанға кіре алмайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: көші қон заң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір