20 Мамыр, 2024 NEWS
Қазақстанда электромобильдер құрастырылады
Қытай мен Қазақстанның Сыртқы істер министерлері Мұрат Нұртілеу мен Ван И бірнеше ауқымды жобаны бірлесе жүзеге асыруға келісім жасады.
Фото: ашық дереккөзден
Яғни, екі ел сирек кездесетін минералдарды бірге игеруді жоспарлап отыр. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында да жұмыла атқаратын жұмыс көп. Одан бөлек, аспан асты елінің инвесторлары Қазақстанда электромобильдер құрастыруды ұсынды. Біздің тарап көршілердің бұл ұсынысын қабыл алды. Биыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы. Сондықтан екі ел арасындағы мәдени-рухани байланысқа да үлкен көңіл бөлінеді.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
Биыл Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Қытайдың озық технологиялық университеттерінің филиалдарын ашуға да қызығушылық бар. Қазақстан мен Қытайдың стратегилық әріптестігінің өрісін кеңейту біздің ортақ мақсатымыз.
Ван И, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі – сыртқы істер министрі:
Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттеріміз арасындағы сауда айналымы рекордтық көрсеткішке жетіп, 40 млрд АҚШ долларынан асты. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті бірнеше есеге арттыруды көздеп отырмыз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір