23 Мамыр, 2024 NEWS
94 жастағы қария әйелін соққыға жығып, үйін өртеп жіберген
Петропавлда қария әйелімен жанжалдасып, арты үлкен дауға ұласқан. Көршілерінің айтуынша, зейнеткер әуелі әйелімен жанжалдасқан, кейін үйдің ішінде газ баллонын жарып жіберген.
Фото: ашық дереккөзден
AstanaTV арнасының хабарлауынша, оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімінен құтқарушылар жіберілген. Олар үйден 4 газ баллонын алып шықты. Полиция факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 94 жастағы қария қатты күйіп, ауруханаға түскен.
Жарылыстан бұрын зейнеткердің әйелі көршісінің үйіне келіп, көмек шақырғаны белгілі болды.
«Галя, тез өрт сөндірушілерді шақыр, қазір үй жарылады. Шал мені ұрып тастады, баллондарды айналдыра қойып қойды, қолында балта бар деді. Мен дереу қоңырау шала бастадым. Шұлығымен ғана шығып кетіпті, үсті-басы қан, аяқ-қолынан соққы алғаны көрініп тұрды. «Галя ол мені 69 жылда осылай қатты ұрды» деді маған», - дейді зейнеткердің көршісі 80 жастағы Галина Каменева.
Көршілері зейнеткерді «мінезі шатақ, жанжал шығарып жүретін адам» деп суреттейді. Оның жасын сыйлап үндемегендерін айтады. Қария бұрын да бірнеше рет осындай қылыққа бармақ болған, сол үшін арнайы ауруханаға да жатып шыққан көрінеді. Бірақ есінің дұрыстығына байланысты ауруханада ұзақ тұрақтамаған. Тұрғындар қарияға бір шара қолдануын сұрап, полицейлерге де талай хабарласқан екен.
Жарылыстан көрші үйлер де бүлінген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір