• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:06:55
Алматы
+12°

30 Мамыр, 2024 NEWS

Қазақстанда ер адам бірден 42 айлық зейнетақысын алды

Қазақстанда ер адам бірден 42 айлық (3,5 жыл) зейнетақысын алды.

Көрнекі сурет

Бұл туралы бас прокуратурада Берік Асылов Конституциялық соттың төрағасы мен судьяларымен өткен кеңес барысында айтты. 

"Азамат Б соттан тыс зейнетақысынан айырылған соң үш жарым жыл бойы түрлі мемлекеттік органдар мен соттарға шағымданып келген. Конституциялық сотқа жүгінгеннен кейін ғана оның зейнетақысы қалпына келтіріліп, бұған дейін заңсыз тоқтатылған зейнетақысы толық мөлшерде төленді. Оған 2 млн теңгеден астам ақша аударылды", – делінген прокуратура хабарламасында. 

Прокуратураның мәліметінше, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында азаматтардың жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам зейнетақы алу құқығы қалпына келтірілген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: зейнетақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір