• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:05:09
Алматы
+7°

Алматы облысында алдағы уақытта 7 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Жұмыс орындары ірі он бір инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде жүзеге аспақ.

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Іс-сапар барысында премьер-министр Қонаев және Алатау қаласын дамыту жоспарымен танысып қайтты. Президент тапсырмасымен Қонаев қаласын экологиялық, "ақылды" қала тұжырымдамасымен дамыту жоспары әзірленген. Ал Қонаев қаласында абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Былтыр 106 км инженерлік инфрақұрылым желілері жөнделді. 610 пәтерден тұратын 10 үй салынды. Қазіргі таңда 32 үй құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Абанттандыру мен инженерлік инфрақұрылым саласын дамыту үшін мемлекеттік бюджеттен де, жеке сектор тарапынан да қолдау көрсетіледі.

Ал Алатау қаласы арнайы экономикалық аймақтың орталығына айналады. Қала аумағындағы 96 мың гектар жерде жалпы сомасы 383 млрд теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жоба барысында 7 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, облыстағы жұмыссыздық көрсеткіші 2024 жылғы I тоқсанда 34,8 мың адамды құраған.2024 жылдың 1 мамырға жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 24331 адамды құрады немесе жұмыс күшінің санына 3,3% болып қалыптасты.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір