11 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
2024 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша Алматы облысында белсенді жұмыс жасап келе жатқан 135 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері бар. Бұл кәсіпорындар облыстың 245 мыңға жуық тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп, орта және шағын бизнес субъектілерінің өңір экономикасының дамуына қосқан үлесі зор екенін көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынының дерегіне сүйене отырып, облыс әкімдігі хабарлады.
Алматы облысында шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Облыста кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға бағытталған түрлі бағдарламалар мен қолдау шаралары бар. Олардың қатарында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, бизнесті дамытуға әртүрлі гранттар беру, сондай-ақ кәсіпкерлерге кеңес беру және білім беру қызметтері кіреді.
Ісін жаңадан бастаған және инновациялық кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлініліп жатыр. Қазіргі таңда облыста кәсіпкерлердің заманауи технологиялар мен инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз ететін бизнес-инкубаторлар мен технопарктер белсенді жұмыс істеп жатыр.
Алматы облысының экономикалық дамуы үшін орта және шағын бизнес орындары аса маңызды. Бұл кәсіпорындар жұмыс орындарын ашуға және жұмыссыздықты азайтуға көмектесіп қана қоймай, өңір экономикасын әртараптандыруға, салық түсімдерін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
ШОБ-ты мемлекеттік қолдау және белсенді дамыту тұрақты экономикалық өсу, инвестициялық ахуалды жақсарту және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру алғышарттарын жасайды. Осы орайда Алматы облысы экономикалық даму жолында шағын және орта бизнес субьектілерін арттырудың қандай нәтиже беретінін көрсетіп, өзге облыстарға үлгі болып отырғанын айта кеткен жөн.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір