31 Мамыр, 2024 NEWS
Қазақстан халқы қаншалықты тез қартайып жатыр және бұл зейнетақы жүйесіне қалай әсер етеді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы демографиялық трендтер, ұзақмерзімді сын-қатер және оның зейнетақы жүйесіне әсеріне шолу жасады.
Фото: ашық дереккөзден
Ұлттық статистика бюросының дерегінше биыл ел халқының саны 20 млн-нан асқан.
Бұл ретте жас топтары бойынша мынадай бөлініс байқалды:
- 25 жасқа дейін — 8,5 млн адам (42,6%)
- 25 жастан 65 жасқа дейін — 9,7 млн адам (48,5%)
- 65 жастан асқан — 1,8 млн адам (8,9%).
Қазақстанда халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді деп болжанып отыр.
Өмір сүру ұзақтығы (халықтың өлім-жітім деңгейі қарастырылып отырған жылмен бірдей болған жағдайда, адамның орташа өмір сүру ұзақтығының мәні) пандемия жағдайында (2020-2021) төмендегеннен кейін 2021 жылғы 70,23-тен 2023 жылы 75,09 жасқа дейін өсті.
БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдары өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты 2050 жылға қарай демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді.
Өйткені 60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2008 жылғы 9,7%-дан 2023 жылы 13,6%-ға дейін өсті және осылай өсуін 2050 жылға қарай 16,7%-ға дейін жалғастыра бермек.
Яғни 2050 жылға орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 және одан жоғары жаста болады.
60 жастағы және одан асқан адамдар үлесі
Халық құрылымына әсер ететін негізгі факторлардың бірі — жиынтық туу коэффициенті (ЖТК). Ол бір әйелдің бала туу қабілеті бар кезеңде (яғни 15 пен 50 жас аралығында) орташа есеппен қанша рет босана алатынын көрсетеді.
2022 жылдан бастап бұл көрсеткіштің 2023 жылы 3,05-тен 2,96-ға дейін төмендеуі байқалды. БҰҰ болжамынша, Қазақстандағы туу коэффициенті 2050 жылға қарай бір әйелге шаққанда 2,42 балаға дейін одан әрі төмендейді.
Бала туу көрсеткішінің төмендеуі — бүкіл әлем үшін жаһандық үрдіс. Туу көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы жағдайында 1 еңбекке қабілетті адамға түсетін демографиялық жүктеме артады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір