• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:18:59
+12°

30 Мамыр, 2024 NEWS

Үкімет басшысы Алматы облысындағы қалаларды дамыту жоспарын тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар Ұлттық жобалар тізбесін таныстырған болатын.

Фото: Gov.kz

Оған «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға ба­ғыт­талған орнықты экономикалық өсу» жобасы жатады. Осы орайда,  Алматы облысында Қонаев пен Алатау қалаларының дамуы жоғары экологиялық, «ақылды» қала тұжырымдамасына сәйкес, Үкімет бекіткен кешенді даму жоспарында 2023-2027 жылдардағы 187 іс-шараны жүзеге асыру көзделген болатын. Соның ішінде, қаланы абаттандыру, көлік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды салу жөніндегі жобаларды іске асыруға мемлекеттік бюджеттен де, жеке сектор тарапынан да айтарлықтай қолдау көрсетіліп келеді.

Жуырда Премьер-министр Олжас Бектенов осы мәселеге байланысты Алматы облысына жұмыс сапарымен келіп,  осы жылы орындалуы тиіс негізгі міндеттермен, Қонаев қаласын дамыту жөніндегі ұзақмерзімді жоспарларымен танысты. Үкімет басшысы сондай-ақ Арнайы экономикалық аймақ аумағында ірі жобаларды іске асыру мәселесіне қатысты Алатау әкімінің баяндамасын тыңдады.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндамасында Қонаев қаласының абаттандыру жұмыстарының белсенді жүргізіліп келе жатқандығын айта отырып, былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес, 106 килметрлік инженерлік инфрақұрылым, соның ішінде 19 километр болатын автожол, 61 километр электр беру желілері мен 26 километр сумен жабдықтау және су бұру желілері жөнделген-ді. Ал тұрғынүй орамдарына қатысты 610 пәтерлік 10 үй салынған.  Сондай-ақ осыған байланысты былтыр 15 үйдің құрылысы басталса, биылғы 2024 жылы 32 үй басталады деген жоспарға енгізілген. Яғни, барлығы – 1400 пәтерлік 47 үй салынады деп жоспарлануда. Ал қазіргі кезеңде он үш инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Соның ішінде жалпы пул жобасы бойынша 5 мың жұмыс орнын ашумен қатар капитал салымдарының жалпы көлемі 470 миллард теңге болатын 23 перспективалық ұсыныстары да бар.

Сондай-ақ Алматы облысында демографиялық өсімін назарға ала отырып, абаттандыру жұмыстары бойынша көлемді жұмыстар жоспарланған. Оның ішінде «Алматы–Өскемен» тасжолы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу, «Жаңа Іле» жаңа ықшамауданында көше-жолдарының желісін тарту, тұрғын алаптарға коммуникациялар жүргізу жұмыстары бар. Алдағы 5 жылда қалада оқушы орындарының, заманауи медициналық мекемелердің, мәдени және спорт нысандарының тапшылығы проблемаларын шешу көзделген. Мәселен, Қонаев кітапханасында 600 орынға арналған Оқушылар сарайы, Спорт сарайы мен драма театры салынады.

Онкологиялық, перинаталдық көпсалалы аурухана, ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана мен 200 төсек-орынды инфекциялық ауруханалар пайдалануға беріледі.

Ал Freedom finance туристік саланы дамытуға қатысты инвестор ретінде әрекет етіп, банк жаңа орналастыру объектілерін, қонақүй кешендерін салу бойынша алты инвестициялық жобалар іске асырылады. Жалпы кешенді жоспар жоғары сапа стандарттарына сай жаңа облыс орталығын дамытуды жеделдетуге мүмкіндіктер ашылды. 

Осыған сәйкес, Премьер-министр Алатау қаласының жобасымен танысып, әкім Әркен Өтеновтің Арнайы экономикалық аймақты дамыту перспективасына қатысты баяндамасымен танысты. Арнайы экономикалық аймақ аумағында 96,6 мың гектарда жалпы сомасы 383 млрд теңгені құрайтын 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлары мен бұл  жеті мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндіктерін берді. а

Үкімет басшысы қала әкімшілігіне әлеуметтік, инженерлік және тұрғынүй жобаларын сапалы іске асыруға байланысты жауапкершіліктің салмағы ауыр болатынын айтты. Үкіметтің қабылдаған қаулысына сәйкес,  Алатау қаласының Бас жоспары бекітіле отырып, жобалау шеңберінде құрылыстың биіктігі – қаланың орталық бөлігінен оның шекарасына қарай төмендету жолымен қалыптастыру қағидаттары көзделген. Бұған қатысты Үкімет басшысы:

- Алматыға жақын туризмді белсенді арттыра отырып, өнеркәсіптік, білім беру мен логистикалық орталыққа айналатын ірі мегаполис құруды қамтамасыз етуіміз қажет. Бас жоспардың әрбір тармағының іске асырылуын бақылауда ұстай отырып, бірінші кезектегі ірі жобаларды рұқсат құжаттамасымен қамтамасыз ету үшін қала аумақтарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуді жеделдетуіміз керек, - дейді. 

Жалпы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға ба­ғыт­талған орнықты экономикалық өсу» жұмыстары әлі де жалғасын таба береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір