• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Маусым, 23:59:31
Алматы
+35°

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалды көзқарастан арылту және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру»курсы салтанатты түрде ашылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетімен бірлескен жоба биыл бесінші жыл қатарынан өтуде. Курстың ашылу салтанатында Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат жат ағымға ерушілермен жұмыс істеу саласындағы ерекшеліктерге тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

С дв

Біліктілігін арттыру үшін еліміздің түкпір-түкпірінен исламтанушы, теолог, дінтанушы,имамдар, барлығы 77 маман келген. Бұл жайлы курс менеджері НМУ профессоры Сұлу Нағашыбайқызы хабарлады. Бір айға жоспарланған курс 15 пәнге, 140 академиялық сағатқа негізделген. Дәрісті отандық білікті әрі жетекші мамандардан құралған оқытушы-профессорлар дәріс береді. Атап айтсақ, еліміздегі бірегей ислами жоғары білім ордасы Нұр-Мүбарак ЕИМУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, сондай-ақ ҚР ҰҚК Академиясының тәжірибелі мамандары дәріс береді.

Твл

«Курс дін саласындағы мамандар үшін үлкен серпіліс әрі нәтижелі болып келеді»,-деді курстың үздіксіз менеджері Сұлу Исабаева. Себебі курс академиялық тәсілімен әрі дерадикализация әдістерінің академиялық мәселелерін, мақсатты топтармен (радикалдармен) атаулы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, деструктивті діни ағымдарға ерушілермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін қамтитын өзекті дәрістік бағдарламаға негізделген. Курс соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір