• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Маусым, 23:18:20
Алматы
+35°

12 Маусым, 2024 NEWS

БАӘ Қазақстанда жел электр стансасын салады

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы «Masdar» компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті.

Фото: ашық дереккөзден алынды

Кездесуде тараптар энергетика саласындағы бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Елші Н.Мұхаметәліұлы Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді, сондай-ақ 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 4 пайыздан 15 пайызға дейін арттыруды көздеп отырғанына назар аударып, «Masdar» компаниясының Қазақстанда қуаттылығы 1 ГВт жел электр стансасын салу жөніндегі жобаның маңыздылығына тоқталды, делінген хабарламада.

Өз кезегінде Мұхаммед әл-Рамахи Қазақстанның жасыл энергетиканы дамыту саласындағы әлеуеті зор екенін және «Masdar» бұл жобаны сәтті әрі нәтижелі іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар аталған жобаны іске асыру бағытында бірлесіп жұмыс атқару туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір