14 Маусым, 2024 NEWS
Фото:
9 маусымда жазушы Төлен Қаупынбаевтың үш тілде жарық көрген «Райымбек батыр» кітабының тұсауы кесілді. Кітап «Tamos Education» ЖШС қолдауымен жарық көрді.
Бүкіл әлем Райымбек бабаны танысын дедік
Дәурен Қаупынбаев Қазақстандағы ең ірі жекеменшік мектептер желісі TAMOS Education мен PrometheusSCHOOL негізін қалаушысы:
«Райымбек бабамыз бүкіл қазақ халқының батыры ғана емес, ол әулие-әнбие, заманауи тілмен айтқанда көріпкел-экстрасенс те болған. Тарихта алғаш рет понтонды өткелді тұрғызып, екі қазақ әскерін біріктірген азамат. Ұрыста «Райымбек! Райымбек!» деп ұрандатқандардың рухы оянып, жеңіске деген сенімі артқан. Әлі күнге дейін батыр бабаға тағзым етіп келетіндер қаншама. Райымбектың жатқан жеріне байланысты халық арасында кең таралған аңыз бар. Оған сенсек, батыр түйе тоқтаған жерден топырақ бұйырғанын қалаған. Кеңес өкіметі кезінде батырдың қабіріндегі тасты бұзу туралы шешім қабылданған болатын. Бірақ техника өздігінен бұзылып, адамдар құрылыс алаңынан қашып тас орнында қалды. Кейін ақсақалдар хат жазып тасты орнында қалдыруды талап еткен.
«Райымбек батыр» кітабы – әкем Төлен Қаупынбаевтың ұзақ мұрағаттық және кітапханалық зерттеулерінің нәтижесі. Бұрын жарық көрген туындысын заманға сай өңдедік. Сосын рыс және ағылшын тілдеріне аудардық. Осылайша әлемнің батыр бабамызды тануынамұрындық боламыз деген үміттеміз».
Елдана Қаупынбаева Куигли «Райымбек батыр» кітабының ағылшынша нұсқасының редакторы:
«Әкем тірі кезінде бүкіл Қазақстанды аралап шыққан қазақтың қарапайым қара домалақ баласы еді. Есейе келе журналист, одан кейін жазушы ретінде өскен, архив пен шет-шеттегі ауылдарды аралап Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын қара бұқара халқымыздың қарияларының жадындағы есте қалған шежірелерін қағазға түсірген зерттеуші еді. 70-ші жылдары Жалайыр руының шежіресін шығарған. 80-шы жылдары Албан шежіресін жинақтады. Нұрбапа Өмірзақов, Шоқан Уәлиханов, Мұқағали Мақатаев, Райымбек батыр сияқты тұлғалар туралы ғылыми зерттеу жасап кітап қылып оқырманға ұсынды. Америкада жүріп байқағаным, кітапханаларда қазақтың тарихынан, батыр бабаларымыздың өмірінен сыр шертетін кітап жоқтың қасы. Осы кезекте әкемнің туындысын ағылшынға аударып, әлемдік оқырманмен қауышуына себеп болғым келді».
Төлен Қаупынбаев көшпелі энциклопедист болған
Бейбіт Сарыбай Жазушы, сатирик:
«Төлен Қаупынбаевтың ерекшелігі – дереккөздері ауыл-ауылды аралап, ақсақалдармен тілдесіп жазып алып соның бәрін ғылыми айналымға енгізгені. Бала кезімізде талай рет мұның куәгері атандық. Ол кісі дауылға да, жауынға да қарамастан автобусқа мініп алып дерек жұмысымен ауылға бет алатын. 2004 жылы жарияланған Алматы облсыныңэнциклопедиясындағы көптеген мәлімет Төлен Қаупынбаевтың жаяу жүріп жинаған деректері. Сондықтан оны Жетісу аймағының тарихын хатқа түсіргендердің бірегейі деуге негіз бар».
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір