• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Қыркүйек, 03:17:18
Алматы
+8°

18 Маусым, 2024 NEWS

Қазақстанда 8 жаңа кәсіби мереке пайда болады

Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Көрнекі сурет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр. 

Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. 

Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:

- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;

- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;

- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;

- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;

- Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;

- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жаңа мереке

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір