18 Маусым, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
"СК-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев қызметінен босатылды. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі растады.
"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды, ол Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес 18 маусымда қызметінен босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, "СК-Фармация" – дәрі-дәрмек сатып алып, медициналық заттармен қамтамасыз ететін Қазақстандағы бірыңғай дистрибьютор. Есқалиев компанияны 4 жыл басқарған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір