18 Маусым, 2024 NEWS
Қазақстан +77 телефон кодында қалады – министр
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан +997 кодына ауыспайтынын айтты.
Көрнекі сурет
БАҚ өкілдері ведомство неге мұндай шешімге келгенін сұрады.
- Біз +77 телефон коды ыңғайлы деп ойлаймыз. Мәселен, смартфондағы қосымшаларды ауыстырмау үшін және телефондағы контактілерді өзгертпеу үшін көпшілікке осы код ыңғайлы деп ойлаймыз, – деді ол үкіметтің баспасөз мәслихатында.
Цифрлық даму министрі +77 коды қала беретінін айтады.
- Қанша қаражат кеткенін қазір айта алмаймын. Бірақ телефон коды консультация мен сараптама бойынша +77 дұрыс деп шештік, – деді Жаслан Мәдиев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір