• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:00:42
Алматы
+12°

19 Маусым, 2024 NEWS

Шымкенттік емші жазадан сытылып кетті

Ол асырап алған балаларға ит-мысықтың етін беріп келген.

Фото: ашық дереккөзден алынды

Шымкентте асырап алған балаларына қорлық көрсеткен емші Ұлықбек Сманов психикалық ауытқуына байланысты қылмыстық жазадан құтылып кетті.

Іс Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Оған қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау), 110-бабыныың 2-бөлігінің 1,2-тармақтары (Қинау) бойынша айып тағылған.

Сот-психиатриялық сараптама Ұ.Сманов созылмалы және психикалық аурумен ауырады және өз іс-әрекеттерін жасау кезінде ес-түссіз жағдайда болған деген қорытынды шығарған. Қылмыстық кодекстің 16-бабына (Есi дұрыс еместiк) сәйкес,  қоғамға қауiптi іс-әрекеттi жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған адам өзінің әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмайды, сәйкесінше, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сот Ұ.Смановты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлі түрде емдеу туралы шешім шығарды.

Ал балаларды психикалық аурумен ауыратын адамның қамқорлығына беру фактісі бойынша Оқу-ағарту министрлігіне, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ Шымкент қалалық Полиция департаментіне  жеке қаулы шыққан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір