25 Маусым, 2024 NEWS
Енді зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға рұқсат берілмеуі мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы қорындағы ақшаны алуды тоқтату туралы айтты.
Көрнекі сурет
Министрдің айтуынша, ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды.
- Базалық зейнетақы төлемін басқаша есептеу тәсілімен келісеміз. Біздің ұсынысымыз, біріншіден, зейнетақы ең төменгі еңбекақының 60 пайызына тең болуы керек. Екіншіден, бұл - сарапшылардың ұсынысы, яғни зейнетақы қорынан жинақты ерте шешіп алуды тоқтату, біз мұнымен де келісеміз. Себебі қазір ерте шешіп алғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайды. Сондықтан оны доғару керек, - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан соң.
Сондай-ақ Жақыпова зейнетақы қорындағы 3 триллион теңге мерзімінен бұрын алынғанын айтты.
-1,5 миллион адам зейнетақы төлемдерімен қамтылды, 3 триллион теңгеден аса қаржы зейнетақы қорынан шығарылды. Ол қаржыға адамдар үй жағдайын жақсартты, емделді. Сондықтан мұны бекер жұмсалды деуге де болмайды, - деді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір