• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:10:42
Алматы
+12°

Көрнекі сурет

Нәтиже бойынша:

  • Еңбек қатынастары саласында 87 мың адамның құқығы қалпына келтірілді, 3 мың қызметкердің алдында 202 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өндіріп алынды.
  • 350 инвесторға көмек көрсетілді. Олардың экономикаға қосқан үлесі 6,4 трлн теңгені құрады. «Прокурорлық сүзгі» арқылы мемлекеттік органдардың 2300 материалы өтті.
  • Бүгінгі таңда 44 мың кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді. Оларға қатысты мемлекеттік органдардың алты мыңнан астам тыйым салу және шектеу шаралары жойылды (олардың басым көпшілігі мемлекеттік кірістер желісі бойынша – 6050).
  • Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 млн адамның құқықтары қалпына келтірілді. Бюджетке 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталды.
  • Активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрд теңге қайтарылды. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленді.
  • 800-ден астам азаматты қылмыстық ортаға негізсіз тартудың жолы кесілді.
  • Прокурорлардың наразылықтары мен өтініштері бойынша 34 сотталушының жағдайы жақсарды, 2 адам ақталды.
  • 708 заңсыз ұсталған адам босатылды.

Жалпы, 8%- ке қылмыс төмендеді (61 422-ден 56 369-ға дейін).

Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істер бойынша тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберді.

«Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Биыл Кипрмен сотталғандарды беру туралы және Қатармен құқықтық көмек көрсету және ұстап беру туралы халықаралық шарттарға қол қойылды. Олар Парламентте ратификациялануда. Басқа елдерден шетелде жасырынған 13 іздеуде жүрген адам экстрадицияланды», - деп хабарлады Бас прокуратура.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 63 млрд активтер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір