• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Шілде, 01:53:51
Алматы
+35°

03 Шілде, 2024 NEWS

Сарапшылар неліктен Қазақстанда туу көрсеткіші екінші жыл қатарынан төмендегенін түсіндірді

Өткен жылы әйелдер тұңғыш нәрестесін орта есеппен 25 жаста босанса, биыл алғаш ана атанғандардың орта жасы 29-ға жеткен, -деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет

Елімізде алғаш ана атанып жатқан қыз-келіншектердің жасы ұлғайып, туу көрсеткіші керісінше, азайған. Мәселен, былтыр 379 мың сәби дүниеге келіпті. Бұл – кейінгі жылдардағы ең төменгі көрсеткіш. 

Телеарна берген мәлімет бойынша, экономиканың басты тетігінің бірі саналатын демография мәселесі бір ғана Қазақстанда емес әлем елдері үшін ортақ болып отыр. Соның ішінде елімізде де пандемия кезінде болған бэби-бумнан кейін бала туу көрсеткіші айтарлықтай төмендеп кеткен. Биыл бірінші тоқсанда елімізде 91,9 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайызға аз. Дей тұрғанмен, атап айтар болсақ, ел аймағында туудың жоғары көрсеткіші Түркістан облысында тіркелген. Екінші және үшінші орындарда Алматы қаласы мен Алматы облысы орналасқан. Ал ең аз көрсеткіштер Ұлытау, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркеліпті. Сарапшылар мұндай мәселеге негізінен әлеуметтік-экономикалық фактор әсер ететінін айтады. Олардың пікірінше, нормалар мен еңбек нарығындағы жағдай жастарды отбасын құру мен балалы болуды кейінге қалдыруға мәжбүрлейді. Сондықтан келешекте аталған көрсеткіштер төмендей береді деген болжам бар. Телеарна ақпаратынша, алғаш рет ана атанған әйелдердің орташа жасы былтыр 25-тен асқан еді. Ал биыл сәбиін алғаш қолға алғандар көрсеткіші 29 жасты құраған. 

"Жалпы статистикадан бөлек, әйелдердің 30 жаста алғаш рет тұңғыш сәбиін қолына алуы қалыпты. Әрине, оған қыз-келіншектерді кінәлай алмаймыз. Әлемде болып жатқан тұрақсыз жағдайлардың бәрінің қатысы бар. Бұрындары жас ұлғайған сайын бала туу қиындайды дейтінбіз. Бірақ қазір қарқынды дамыған медицина оның да шешімін тауып келеді. Әрі мемлекет те отбасыларға бала сүю үшін қолдан келген көмекті көрсетуге тиіс", - деді ҰҒА академигі Вячеслав Локшин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір