• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Шілде, 02:34:08
Алматы
+35°

03 Шілде, 2024 NEWS

Тоқаев: Қытай қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған жоқ, жәрдем ғана берген

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінде айтты.

Фото: Ақорда

- Ең алдымен шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін қадірлі досым Си Цзиньпин мырзаға шынайы ризашылығымды білдіремін. Осы сапарыңыз қазақ-қытай жылнамасындағы айтуылы әрі тарихи оқиға. Оған қоса бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге деген сіздің ниетіңіздің айқын көрінісі деп білемін. Мен бұл игі ұмтылысты толықтай қолдаймын, - деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі беки түсетінін айтты.

- Бұл біздің елдерімізге ортақ құндылықтар мен ортақ ұстаным деп айтты. Оның тарихи тамыры тереңде жатқаны сөзсіз. Ежелден біздің халқымыз арасында өзара қолдау негізінде тығыз сауда және гуманитарлық байланыстар белсенді дамып келген. Тарих қойнауына үңілетін болсақ, Қытай елі қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған жоқ, ешқандай тосқауылдар құрған емес, жәрдем ғана берген. Біздің елдеріміз әрдайым өзара тығыз байланыста және шынайы қарым-қатынаста болды. Бүгін де солай және солай болып қала бермек. Мен оған кәміл сенемін. Бір сөзбен, біз осы сара жолды міндетті түрде жалғастырамыз. Халықтарымыз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты бекемдей береміз. Бүгінгі келіссөз нәтижелері соның айқын дәлелі, - деді Президент Ақордада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір