• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 20:12:34
Алматы
+12°

10 Шілде, 2024 NEWS

Президент рақымшылық жөніндегі комиссияның құрамын өзгертті

Мемлекет басшысының Жарлығымен азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мына өзгерістер енгізуді қаулы етті:

— жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кешірім жасау жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанна Бейсентайқызы Асанова (келісім бойынша), заң ғылымдарының докторы Индира Оралқызы Әубәкірова (келісім бойынша) енгізілсін; 

— аталған комиссия құрамынан А. И. Лукин мен Т.Е.Қаудыров шығарылсын. 

Құжат өз күшіне енді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір