11 Шілде, 2024 NEWS
Фото: Владимир Астапкович
Рудныйдағы "Соколовская" шахтасында жұмысшы қаза тапты. Шахтадағы тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"280 метр деңгейде жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмысшы қаза тапты",- делінген бірлестік хабарламасында.
Қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір