• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:20:45
Алматы
+12°

15 Шілде, 2024 NEWS

"Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алуға Ұлттық қордан 467,4 миллиард теңге бөлінеді

"Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын Ұлттық қорға сатып алу туралы сөз қозғады. Үкімет республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Ұлттық қорға (ҰҚ) жалпы сомасы 467,4 миллиард теңгеге "Қазатомөнеркәсіп" АҚ акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдады.

Фото: ашық дереккөзден

"Осы шешімді іске асыру аясында ҰҚ қаражатын басқарушы ретінде Ұлттық банкке (ҚҰБ) Ұлттық қордан шамамен 970 миллион АҚШ доллары сомасына шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырады", – делінген хабарламада.

Операцияның жоспардан тыс сипатын ескере отырып, көрсетілген көлемді қысқа уақыт аралығында сату валюта нарығының теңгерімділігіне елеулі әсер етуі мүмкін.

"Осыған байланысты Ұлттық банктің алтын-валюта резервтеріне ҰҚ активтерін тікелей сату арқылы Ұлттық банк біржолғы конверсиялық операция жүргізуге ниетті", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар нарықтық бейтараптылықты сақтау мақсатында және осы операцияны валюта нарығына шығару аясында Ұлттық банк валюта нарығында осы көлемдi бiркелкi сатуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осылайша, шілдеден бастап Ұлттық банк 4 ай ішінде 970 миллион АҚШ долларын сатуға кіріседі, айына 243 миллион АҚШ доллары көлемінде айырбасталады.

Бұл – валюта нарығына біржолғы конверсиялық операцияның әсерін бейтараптандыруды қамтамасыз етуге арналған ерекше шара.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір