• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қыркүйек, 04:51:06
Алматы
+35°

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мегаполисте қоғамдық көлікте жүру ақысын 120 теңге деп бекітті. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді. 

"Күнделікті кірістер тасымалдаушылардың барлық шығынын өтей алмайды. Нәтижесінде техниканы уақытылы жөндемеуге, қосалқы бөлшектерді сатып алудағы кідірістер, маршруттардағы жүйеліліктің бұзылуына, жүргізуші құрамының кетуі мен тасымалдаушылардың өз қаражатынан шығыстарды жабуына және саланы дамыту үшін мүмкіндіктердің болмауына әкеліп соғады", – делінген хабарламада.

Айта кеттейік, Алматыда 2468 автобус пен троллейбус шығаратын 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді. Олар тәулігіне 1,5 миллион жолаушыны тасымалдайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жолақы алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір