• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:56:53
Алматы
+12°

Фото: Орталық коммуникациялар қызметінің сайты

Азамат Сатыбалды Қазақфильм АҚ-ның басшысы ретіндегі келісім-шарты аяқталғанын, оны созбайтынын мәлім етті. Бұл туралы Информбюро сайты хабарлады.

Әртіс қазіргі уақытта Қытайда абыройлы халықаралық киножобаға қатысып жатқанын, бұл - актерлік мәнсабындағы айтулы оқиға екенін жеткізе келе, "Қазақфильммен" келісім-шарты аяқталғанын, оны созбау туралы шешім қабылдағанын мәлім етті.

Азамат Сатыбалды Қазақфильм басшылығы қызметінде бірнеше дауға тап болған. Ол киностудия аумағын Қытай көліктеріне жалға беріп, коммерциялық мақсатта пайдаланды, қызметкерлерге жалақы төлемеді деген шу шығып, Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмде басты рөлді өзі сомдады деп сынға ұшыраған. Әртіс киностудио аумағын Қазақфильм шығындарын жабу үшін жалға бергенін айтса, жалақы талап еткен қызметкерлер киностудиодан емес, ұлттық кино орталығын дамыту орталығынан қаламақы ала алмай жүргенін жеткізген. Ал Ахметтің рөліне байланысты сынға "өзім сұранып ойнамадым, режиссер таңдағаннан кейін келістім" деп жауап берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір