• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қыркүйек, 22:20:59
Алматы
+35°

Гуанчжоуда робототехника бойынша China FTC Guangzhou Offseason Event халықаралық чемпионаты өтті. Жарысқа 200-ден астам оқушықатысты, оның ішінде Қазақстаннан келген екі команда да үздік нәтижелер көрсетті.

Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «PID»командасы Motivate Award сыйлығын жеңіп алды. Команда құрамына 10 және 12 сынып оқушылары: Асылбек Қаныбекұлы, Қанат Парпиев, Нұрқасым Хафиз, Арсен Омаров, Арлан Қосан, АянатТұматова, Айсұлу Қыдыралықызы, Әли Елтай, Мирас Бекетбай және Олжас Аманкелдин кірді.

Сонымен қоса, Білім-Инновация лицейінің«Queue» командасы Perseverance Award сыйлығымен марапатталды. Командада 10 және 11 сынып оқушылары - Аскер Ерсай, ЕрталапӘділхан, Ерсұлтан Мэлс, Манас Есенұлы жәнеАлдияр Ихсанов өнер көрсетті.

«Екі қазақстандық команданың жетістіктеріолардың халықаралық аренада бәсекеге түсугедайын қабілетін көрсетеді. Біздің балалар чемпионаттың екі күнінде де көшбасшылар қатарында болды. Біз балаларымызды марапаттарымен құттықтаймыз», - деп бөлісті Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының директоры Гүлнұр Каримгажы.

Естеріңізге сала кетейік, командалар Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation қоғамдық қорымен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған Central AsiaFIRST Championship Орталық Азия чемпионаты барысында Қытай чемпионатына жолдама алды. Чемпионаттағы жеңіс біздің оқушыларға әлемдік жоғары оқу орындарындағы гранттарға қолжеткізуге мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір