• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 08:20:15
Алматы
+8°

2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланып, кәсіптік-техникалық білім беруді елеулі түрде қайта жаңғырту жоспарлануда. Бұл туралы үкімет отырысында айтылды.

Жиын барысында премьер-министр университеттер мен колледждердің білім беру бағдарламалары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ ол ұқсас мамандықтар бойынша университеттерде оқуын жалғастырып жатқан колледж түлектеріне арналған гранттар санын ұлғайтуды тапсырды.

Бүгінгі таңда қазақстандық 772 колледжде 15 бағыт бойынша мамандар даярлануда. Жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу деңгейі 70%-ға жетеді. Бұған дейін колледждерге бюджет есебінен жыл сайын 93 мыңға жуық студент қабылданып келсе, биыл олардың саны 142,5 мыңға дейін жеткен. Биыл колледж студенттерінің стипендиялары 50%-ға өсті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: колледж грант

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір