• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Қараша, 06:42:38
Алматы
+12°

FlyArystan әуе компаниясының қызметкерлері тіркеу кезінде қателік жіберіп, 12 жастағы егіздің сыңарын бөтен қалада бір өзін қалдырып кеткен.

Егіздердің анасы оралдық Жазира Мусиннің сөзінше, 20 шілде күні қыздары тобымен АҚШ-тан тіл курсынан Астана арқылы ұшып келуі керек болған.

Тіркеу кезінде FlyArystan қызметкерлері қыздарының бірі Зәурені тіркеп, Зерені тіркемеген. Артынша қызметкерлер техникалық ақау болғанын айтып, оны дереу шешіп, екінші қызды ұшаққа өздері отырғызатынын айтқан. Бірақ топ Оралға Зересіз ұшып кеткен. 12 жасар қыз әуежайда жалғыз қалып қойған.

"Күні кеше адвокатымыз Астана әуежайында болып, оған тіркеу үстелінің жанында қызымның үш сағат бойы жалып тұрған бейне жазбасын көрсетті. Басқа қалада 12 жастағы балам жалғыз өзі әуежайда сабылып, маған "мама, мен не істеймін, қайда барамын" деп жылағанын есту қалай әсер еткенін елестетіңізші" дейді Жазира Мусин.

Егіздің сыңары отбасымен тек келесі күні қауышқан. Жәбірленуші тарап Азаматтық авиация комитетіне арыз түсіріп, тиісті тұлғаларды жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.

Авиакомпания Жазира Мусиннен кешірім сұрап, жағдайдың мән-жайын жіті тексеретінін, оның  нәтижесі бойынша шара қолданатынын мәлім еткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: FlyArystan

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір