09 Тамыз, 2024 NEWS
Тұрғындар талабы: Жаңа мектеп қазақ тілді болсын...
Алматы қаласы, Бостандық ауданында жаңа мектептің іргесі қаланып жатыр. Жаңа оқу ордасы алғашында қазақ тілінде ашылмақшы болған. Алайда тұрғындардың өтінішімен мектеп аралас болуы мүмкін.
Көрнекі сурет
Осы орайда, Бостандық ауданының әкімі Санжар Меңдібайұлы тұрғындармен кездесті. Жиналыс арасында тұрғындар жаңа мектептің орыс-қазақ тілінде аралас болуына наразы екендіктерін білдірді. Олардың айтуынша, Бостандық ауданында қазақ мектептері жоқтың қасы. Ал орыс тілінде білім беретін мектептер өте көп. Атап айтсақ, №38, №125, №63 мектептер бар. Ал қазақ тілінде тек 146 мектеп-лицейі ғана болғандықтан, бір сыныпта 30-35 оқушыға дейін оқуға мәжбүр, дейді мектептің қазақ тілді болуын қолдайтын тұрғындар.
Бостандық ауданының тұрғыны Қанат Қуанышұлы:
- Жаңадан салынып жатқан мектеп аралас болады ма, орысша болады ма, түсінбей жатырмыз. Бастапқыда бұл мектепті қазақ мектебі болады деп қуанып едік, – дейді.
Тұрғындардың сауалына жауап берген әкім Санжар Меңдібайұлы бұл мәселені аудан әкімінің құзырына кірмейді деп жауап берді. Ол жауабында: «Сіздер бұл мәселені Білім басқармасына жолдаңыздар. Шешетін сол кісілер. Аудан әкімі емес» дейді.
Егер де балам қазақ тілінде оқысын деген тұрғындардың өтініші 1500-ға дейін жетсе, жаңа мектеп қазақ тілінде ашылады. Әзірге 800 оқушы жиналған. Бірақ орыс тілінде білім аламын деген оқушылардың саны бір сыныпта 5 оқушыдан асса, онда мектеп аралас болып кетуі де ықтимал.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір