13 Тамыз, 2024 NEWS
"Төмен нәтижеге байланысты": Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары жаппай жұмыстан шығарылды
Бокс федерациясы Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының жаппай отставкаға кеткенін мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы ақпарат бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.
“Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының Париждегі Олимпиада ойындарындағы төмен нәтижесіне байланысты келесі мамандардың қызметінен босатылғанын хабарлаймыз”, – делінген жазбада.
Тізім:
- Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті – Әзиз Қожамбетов;
- Бас бапкер – Мырзағали Айтжанов;
- Аға жаттықтырушы – Марат Жакиев;
- Жаттықтырушылар – Нүркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғани Әшкеев, Ермек Ертаев, Талғатбек Жақпеков, Зәкір Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жәміл Жүсіп;
- Жаттықтырушы-кеңесші – Донатас Янусевичус. Алайда ақпарат жарияланған соң бірнеше минуттан кейін бокс федерациясының ресми парақшасынан өшірілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір