• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қыркүйек, 15:52:53
Алматы
+35°

Психикалық аурулар орталығының мамандары қымыз бен кваста алкоголь деңгейі жоғары еместігін, алайда оны ішу алкотест нәтижесіне ықпал етуі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлады Informburo.kz сайты.

"Қымыз бен квас стақанынан кейін қандағы алкоголь мөлшері 1,6 промиллге көтеріледі. Біраз уақыт өткеннен кейін көрсеткіш 0,00-ге дейін түседі. Десе де мұндайда көлік құралын басқармауға кеңес береміз. Қазақстан заңнамасында қымыз, квас я алкогольдік сусын ішкеніңіз туралы нақты көрсетілімдер жоқ. Егер қан құрамында алкоголь анықталса, тиісті шара қабылданады" делінген мекеме жауабында.

Егер алкоголь мөлшері 0,5 промиллден аспаса, бірақ жүргізуші нарколог тестінен өтуден бас тартса, бұл жеңіл масаңдық жағдай ретінде бағалануы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір