• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 00:45:20
Алматы
+8°

Алматы облысы Іле ауданындағы екі ауылдың атауы өзгерді, деп хабарлады Almaty.tv телеарнасы.

Аудандағы ҚазЦИК аталып келген ауылға қазақ театр педагогикасының негізін қалаушы Асқар Тоқпановтың есімі берілсе, іргелес жатқан Комсомол ауылына Жайнақ атауы берілді.

Осы оқиғаға байланысты елдімекендерде салтанатты шара ұйымдастырылған.

Тұрғындар ауылдардың атауы өзгергенін Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және насихаттау жолындағы маңызды қадам деп есептейді.

– ҚазЦИК ауылының да, Комсомол ауылының да атауы ауысты. Бұл бәріміз үшін маңызды жағдай. Біздің елдімекенге Асқар Тоқпанов сияқты мықты қайраткердің есімі берілгеніне қуаныштымын, – деді ауыл тұрғыны Ғалия Сағымбекова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір