13 Тамыз, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Елордада TikTok желісінде құмар ойын ұйымдастырған екі тұрғын сотталды. Бұл туралы Астана прокуратурасы хабарлады.
Олар алдын ала сөз байласу арқылы TikTok әлеуметтік желісінде "Зарик" атты құмар ойынын ұйымдастарып, 34 млн теңге табыс тапқан.
Ойын шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді.
Жеңімпаз 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталған.
Сот үкімімен 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір