• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:27:58
Алматы
+12°

14 Тамыз, 2024 NEWS

Фукусима-1 стансасының екінші энергоблогынан радиоактивті су ақты

«Фукусима-1» атом электр стансасының екінші энергоблогында радиоактивті материалдармен ластанған 25 тонна су ағып кетті. Tokyo Electric Power компаниясы судың қоршаған ортаға жайылмай, жертөлеге ағып кеткенін хабарлады7

Көрнекі сурет

Лас судың ағуы туралы ақпаратты NHK телеарнасы Tokyo Electric Power (TEPCO) станциясының операторына сілтеме жасап хабарлады. Ол екінші реакторда пайдаланылған ядролық отынды салқындату кезінде бассейндегі су мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын резервуардағы су деңгейі төмендегенде анықталды. Бассейндегі су деңгейі қалыпты.

Реактор ғимаратын тексеру кезінде кәріз жүйесі арқылы жертөлеге 25 тоннаға жуық су аққаны анықталды. Алайда сыртқа ақпаған.

Отынды салқындату үшін бассейнге су айдау тоқтатылды, алайда, компания бұл отынның максималды температурасы 65 градус Цельсийден аспайтынын мәлімдеді. Кейін толық тексеру үшін екінші энергоблоктың ғимаратына робот енгізіледі.

Фукусима-1 атом электр стансасында 2011 жылғы қуатты цунамиден кейін апат болып, оның электрмен жабдықтау және салқындату жүйелерін істен шығарған болатын. Соның салдарынан қорғаныс қабаттары арқылы жанып кеткен үш энергоблоктың реакторларында ядролық отын балқып кетті. Бұл төртінші энергоблокты зақымдаған сутегі жарылыстарымен қатар жүрді. Сонымен бірге станцияға іргелес аумақтардың ластануына әкелген үлкен көлемдегі радиоактивті заттар шығарылды.

Атом электр стансасын қайта жөндеу жұмыстары 2050 жылға дейін аяқталады деп жоспарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір