• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:12:31
Алматы
+8°

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінген.

Залал сомасы 65 млн теңгеден асады.

Бүгінде күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған, тергеу жалғасып жатыр.

Антикор күдіктінің аты-жөнін жарияламады. Белгілісі "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС директоры қызметін 2023 жылғы ақпаннан бері Болат Байшуақов атқарып келеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір