• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:50:18
Алматы
+12°

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова "Digital Kazakhstan: заманауи білім беру" республикалық тамыз саммитінде колледжді үздік бітірген студенттерді емтихан қабылдамастан университетке қабылдауды ұсынды.

Оның айтуынша, Қазақстанда мұндай тәжірибе бұрын болған әрі ол жемісін берген. Бұл үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру бағдарламалары арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету қажет. 

"Мысалы, бұған тартылған беделді жоғары оқу орындары жоғары деңгейдегі инженерлерді даярласа, онда колледжер тиісінше техниктермен, технологтармен, жаңа буын механиктерімен ЖОО-ны толықтыруға тиіс. Мұнда бұрын техникумдарды үздік аяқтаған тұлғалар ЖОО-ның үшінші курсына емтихансыз қабылданғанын еске салғым келеді. Бұл тәжірибе мамандардың біліктілігіне қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, жаңартылуы тиіс", – деді Тамара Дүйсенова.

Дереккез: ҚазАқпарат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір