• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 13:18:54
Алматы
+12°

27 Тамыз, 2024 NEWS

«Бұл сау баланы өлтірумен бірдей». Министрлік жаншошырлық деректер келтірді

Ресми статистика деректері бойынша жыл сайын республикада балалар жарақат алуының 200 мың жағдайы тіркеледі.

Көрнекі сурет

Соның 70 пайызы үйде болады. Өткен жылы жарақат алу мен жазатайым жағдай себебінен 1093 бала қайтыс болды, мың баланың денсаулығына қатты нұқсан келіп, мүгедек болып қалды.

Өлім-жітім бойынша сыртқы себептерден көлік қағып кету жағдайлары алда (22%), одан кейін аяқ астынан суға батып кету (13,4%), биіктен құлау – 5,4%, отпен ойнап қайғылы жағдайға душар болу (5%) деректері жиі кездесіп тұр.

- 20 пайыз баланы біз ауру салдарынан жоғалтып отырған жоқпыз, бұл сау баланы өлтірумен бірдей. Өлім-жітімның сыртқы себептерінің арасында анағұрлым маңыздысы – жол-көлік оқиғалары мен суға батып кету және биіктен құлау болып отыр. ЖКО кезінде балалардың қаза табуының көбеюі бұл мәселені шешуде ведомствоаралық кешенді әдістің қажет екенін көрсетеді, - дейді Ана мен бала денсаулығын қорғау Департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.

Жол-көлік оқиғалары кезінде балалардың қайтыс болуының негізгі факторларының ішінде жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережесінің бұзылуы, велосипедтер мен самокаттарға арналған шлемді қоса алғанда жеке қауіпсіздік құралдарының жоқтығы бар, соңғы жағдайда қауіпсіздік құралдарын қолдану қаладағы көлік қозғалысының қарқындылығы мен жоғары жылдамдық кезінде міндетті болып саналады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бала денсаулығы ЖКО

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір