• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 20:37:02
Алматы
+12°

Қазақстанның бұрынғы уақыт белдеуіне көшу мәселесі тек 3 жылдан кейін қарастырылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. 

"Уақыт белдеуін ауыстыру жөніндегі петицияға қатысты жұмыс тобы оның денсаулыққа әсерін анықтау үшін әрі ғылыми зерттеулер жүргізуге уақыт керек екенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігі алдағы 3 жылда уақыт белдеуінің ауысуының денсаулыққа теріс әсері туралы зерттеу жүргізеді. Ал петиция қабылданбады" - деді министр.

Сонымен қатар, Шаққалиев кейбір наразылықтың уақыт белдеуінен гөрі әр азаматтың тұтынушылық әдеттерінің салдары екенін атап өтті. 

Айта кетейік, 1 наурызда Қазақстан UTC +5 уақыт белдеуіне ауысқан. Уақыт белдеуінің ауысуы тұрғындар арасында наразылық тудырған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір