• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 22:17:34
Алматы
+8°

19 Қыркүйек, 2024 NEWS

Өскемендегі кәсіпорынның нөсер кәрізінде жұмысшының денесі табылды

ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы шағын кәсіпорындардың бірінде болған. Жұмысқа өз ауысымына келген жұмысшы әріптесін таппай, іздей бастаған.

Көрнекі сурет

«Көп ұзамай ер адамның денесі нөсер кәрізінен табылды. Сол жерге полиция қызметкерлері шақыртылып, тергеу басталды. Сараптама нәтижесінде, марқұмның алкоголь ішкеннен кейін болатын обструктивті механикалық асфиксиядан қайтыс болғаны анықталды», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда биыл болған жазатайым оқиғалардан кейін полиция қызметкерлері 59 іс қозғалғаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Өскемен кәріз жүйесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір