• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 02:04:45
Алматы
+8°

26 Қыркүйек, 2024 NEWS

Жамбыл облысында көлік жолаушысынан 12 келі есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері көлік жолаушысынан 12 келіден астам гашиш тәркіледі. Оның қара нарықтағы құны – 7 млн теңге, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрнекі сурет

“Қарасора – 2024” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Алматы–Қарағанды" автожолының 430-шақырымында Toyota Sienna автокөлігін тоқтатты. Тэя қызметтік итінің көмегімен автокөлікті тексеру барысында жүк салғыштан көліктегі жолаушыға тиесілі жасыл түсті өсімдік заты бар екі сөмке табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттардың салмағы 12 келі гашиш және 170 грамм каннабис (20 мың доза) шайыры екені анықталды. Қара нарықтағы құны – 7 млн теңгеге жуық.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Күдікті кінәсін мойындап, қазіргі уақытта Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: есірткі Қарасора

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір