• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Қазан, 17:36:05
+8°

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері Құдайберген Бекіш Алматыдағы референдумда дауыс беруге қатысты.Әнші №168 мектепте орналасқан № 416 учаскеге барды. Құдайберген Бекіш атом электр станциясын салу сияқты Қазақстан үшін маңызды шешім қабылдауда әрбір қазақстандықтың дауысының маңыздылығын атап өтті.

"Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Мен азаматтық борышымды орындадым және сайлау учаскесінде дауыс бердім. Біздің барлық азаматтарымызды шетте қалмауға және еліміз үшін маңызды оқиғаға қатысуға шақырамын", - деп атап өтті әртіс.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір